Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына "жасыл" адамдар ғана кіреді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2021 23:28 Zakon.kz
Елорданың санитариялық дәрігерінің қаулысы бүгін, 15 қарашада күшіне енді.

15 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан қаласының сауда-ойын-сауық орталықтарына кіруге тек "жасыл" мәртебесі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" мәртебе болған жағдайда, яғни вакцина немесе теріс нәтижелі ПТР-тесті болған кезде ғана, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып, жазылған сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын мерзімде жұмыс істейтін болады, – делінген хабарламада.

Мұндай шешім СОО-да үй карантинін бұзушылардың ең көп санын тіркеуді ескере отырып, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында халық арасында COVID-19 одан әрі таралуының алдын алу мақсатында қабылданды.

Елорданың санитариялық дәрігерінің қаулысы бүгін, 15 қарашада күшіне енді.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: