Жоғары білімі жоқтар ауыл әкіміне сайлауға түсе алады
Zakon.kz/Павел Михеев
Ол 2021 жылы елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланғанын еске салды.
Арнаулы орта білімі бар қазақстандықтар ауыл әкімі лауазымына ұсыныла алады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудың нақтылығын күшейтеді деп есептеймін, әсіресе ауылда халықтың сеніміне ие, бірақ жоғары білімі жоқ білікті тәжірибелі адамдар көп екенін ескерсек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, әкімдікке кандидаттар үшін, әсіресе өзін-өзі ұсынғандар үшін үгіт-насихат кезеңін ұлғайту маңызды. Осыған байланысты ол оның мерзімін түзету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Бұдан басқа, сайлау науқанын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану ұсынылады. Егер солтүстік өңірдегі халық аз қоныстанған ауылдарда қазіргі қаражат көлемі үгіт-насихат шығындарын жабуға жеткілікті болса, онда халықтың тығыздығы жоғары оңтүстікте бұл жеткіліксіз. Аталған ұсынымдар ауыл әкімдерін сайлау тетіктерін жақсартуға бағытталған деп санаймын. Сондықтан оларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Президент Әкімшілігіне нақты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.
Ол 2021 жылы елімізде 800-ден астам ауыл әкімі сайланғанын еске салды. Осы сайлаудың нәтижесінде құрам жартылай жаңартылды. Партияның белсенділігі, өзін-өзі ұсынғандардың көптігі және сайлаушылардың белсенді қатысуы осы реформаның қажеттілігін көрсетті.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript