Жаңалықтар тізбегі
0

Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар

Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар Сурет: pexels
2021 жылғы санақ кезінде 3,7 млн адамның жоғары білімі, 4,1 млн адамның арнайы орта білімі, 4,9 млн адамның орта білімі болды. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8%-дан 2021 жылы 27,6%-ға дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, өңірлердің ішінде жоғары білімі бар халықтың ең көп саны Алматы облысына тиесілі – 404,8 мың адам. Әр өңірдегі жоғары білімі бар халықтың үлесі бойынша Астана қаласы көш бастап тұр – елорда халқының 25,5% ЖОО бітірген.

Жоғары білімі бар ерлер мен әйелдердің үлесі бірдей. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда дипломы бар ерлердің үлесі 17,8%-дан 27,9%-ға дейін, әйелдердікі 21,6%-дан 27,3%-ға дейін өскен. Жалпы 1000 адамға шаққанда университет дипломы бар 276 адамнан келеді, 2009 жылы бұл көрсеткіш 198 адам деңгейінде болды.

Cонымен қатар 4,1 млн қазақстандықтың арнайы орта білімі бар

2021 жылғы санақ кезінде 4 167 мың қазақстандықтың арнайы орта білімі болған. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда олардың халық арасындағы үлесі 27,6%-дан 30,8%-ға дейін өсті. Түркістан облысы техникалық және кәсіптік білімі бар халық саны бойынша да, өңірдегі арнайы орта білімі бар халық үлесі бойынша да көш бастаған – 8,9%.

120 мыңнан астам қазақстандықтың ғылыми дәрежесі бар

2021 жылғы санақ кезінде 120,8 мың қазақстандықтың жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған. Олардың басым бөлігі (17,8%) 30-34 жас аралығындағылар. Ғалымдардың жалпы санының 78% – магистр (96,9 мың адам), 3,6% – философия докторы (PhD), (4,5 мың адам), 13,5% – ғылым кандидаты (16,8 мың адам), 4% ғылым докторы (4,9 мың адам) дәрежесіне ие.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: