Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Марат Ахметжанов жеке құрамға департамент басшысын таныстырды

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 19:48 Арайлым Тастемір
Жиын соңында Департаментпен осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыс қорытындылары талқыланды.

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Марат Ахметжанов жергілікті департаменттің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Марат Мұратұлы Департаментке жаңадан тайындалған басшы Қанат Оспанұлы Қожахметовты таныстырды.

Қанат Оспанұлы еңбек жолын 1987 жылы құқық қорғау органдарынан бастап, 2013 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында, Алматы қаласында, Ішкі істер министрлігінің түрлі орта және басшы құрам лауазымдарында және ҚР Ішкі істер министрлігінің Криминалды полиция комитетінің Төрағасы, Агенттікте және Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарғандығын атап өтті.

"Ел игілі жолындағы қызметті Сізге сеніп тапсырамын және рухани өңір Түркістан жерін сыбайлас жемқорлықтан таза өңір ретінде түркі жұртшылығына танытады деген сенім бар", деп қорытындылады Марат Мұратұлы.

Қанат Оспанұлы өз кезегінде артылған сенім мен тапсырылған қызметті жоғары дәрежеде атқаруға күш салатынын мәлімдеп, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында жаңа бастамаларды енгізу арқылы жүйелі қызмет атқаратындығын жеткізді.

Жиын соңында Департаментпен осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыс қорытындылары талқыланды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 19:48

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: