Бауыржан Омарбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

вице министр болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2022 18:02 Сурет: gov.kz.
Бауыржан Омарбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ менеджері қызметінен бастаған.

2006 жылдан 2015 жыл аралығында банк жүйесі мен коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2015 жылы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметтер атқарған.

2015-2016 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.

2016-2018 жж. — ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары.

2018-2021 жж. — Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі.

2021 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: