Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Абрамович Ұлыбритания салған санкцияларға ұшырады

Абрамович санкцияларға ұшырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 18:11 Сурет: Instagram/roman_chelseafc
Ұлыбритания билігі Роман Абрамович пен алты ресейлік кәсіпкерге қарсы санкция салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санкциялар тізімі Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланған.

Құжатта Ұлыбританияның ресейлік-израильдік кәсіпкер, миллиардер Роман Абрамовичке, сондай-ақ кәсіпкер әрі «Русал» компаниясының басшысы Олег Дерипаскаға қарсы санкциялар енгізіп, олардың британдық жеке және заңды тұлғалармен мәміле жасауға, сондай-ақ елге кіруіне тыйым салғаны айтылған.

Бірнеше кәсіпкерге теңіз және әуе көліктерін (яхталар, жеке ұшақтар және т.б.) иеленуге, тіркеуге, қозғалысына және пайдалануға шектеу қойылып, бірқатар тұлғаларға елге кіруге тыйым салынды.

Санкциялар тізіміне мына адамдар кіреді:

  • Роман Абрамович, Millhouse инвестициялық компаниясының иесі;

  • Андрей Костин, ВТБ президенті және басқарма төрағасы;

  • Алексей Миллер, Газпром басшысы;

  • Олег Дерипаска, «Русал» басшысы;

  • Игорь Сечин, «Роснефть» басшысы;

  • Николай Токарев, «Транснефть» президенті;

  • Дмитрий Лебедев, Ресей банкі жетекшілерінің бірі.

Британ билігінің жолдауында атап өтілгендей, бірқатар жоғары лауазымды ресейліктерге қарсы санкциялар Кремльмен және Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы үшін енгізілген.

Ұлыбритания Ресей Федерациясының қорғаныс өнеркәсібі, қаржы институттары мен көлік секторына қарсы бірқатар антиресейлік санкциялар енгізді. Шектеулер қазірдің өзінде 200-ден астам Ресей азаматтарына, ұйымдарына және олардың еншілес компанияларына қатысты.

Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, АҚШ және Канаданың жаңа санкциялары Ресей президенті Владимир Путиннің 24 ақпанда Украинада арнайы әскери операция басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін енгізілді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: