«AMANAT» партиясы саяси кеңесінің жаңа өкілдері сайланды
Сурет: Zakon.kz
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде саяси кеңеске жаңа мүшелер – Эльдар Жұмағазиев, Мақсат Толықбай және Дәулет Мұқаев сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Партия жарғысының 9-1 тармағына сәйкес саяси кеңестің құрамына өзгерістер енгізу партия съезінің айрықша құзыретіне жатады. Сіздің қарауыңызға «AMANAT» партиясының саяси кеңесінің құрамына Эльдар Жұмағазиевті, Мақсат Толықбайды және Дәулет Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылып отыр. AMANAT партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов
Эльдар Жұмағазиев – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, мемлекет және қоғам қайраткері, экономист, саясаттанушы.
Мақсат Толықбай – журналист, тележүргізуші, «AMANAT» партиясы жанындағы «Мирас» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары.
Дәулет Мұқаев – «Дәулеттен» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық отбасы және халықты әлеуметтік қорғау қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Ұсынылған кандидаттар «AMANAT» партиясы саяси кеңесінің жаңа мүшелері ретінде бірауыздан қолдау тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript