ҚР СІМ Ердоғанның мемлекеттік сапары туралы айтты
Сурет: Instagram/rterdogan
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 12-13 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Оның сапары туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров егжей-тегжейлі мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Айбек Смадияровтың айтуынша, сапар аясында 12 қазанда екі мемлекет басшыларының кездесуі, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысы өтеді.
Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу өтеді, тараптар екіжақты инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды. Айбек Смадияров
Түркияның басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитіне де қатысады.
12-13 қазанда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI саммиті өтеді. Оған 11 президент қатысады.
10 қазанда Ресей лидерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Ердоған Астанада кездесуі мүмкін екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript