Әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздікті 50 мыңдай сақшы қадағалайды
Сурет: pixabay
Қатар Футболдан әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 50 мыңдай адамды жаттықтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұны елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Олардың қатарында шетелден арнайы барған тәртіп сақшылары да бар.
Себебі 3 миллиондай тұрғыны бар елде 1 айға созылатын Біріншілік кезінде персонал тапшылығы сезіледі, деп жазады qazaqstan.tv.
Мысалы Түркия Қатарға көмекке 3 мыңдай полиция қызметкерін аттандырған. Шараға тағы қай елдердің қауіпсіздік күштері тартылғаны жөнінде ақпарат әзірге жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript