Сайлаушы дауыс беру учаскесінде тұратын адам секілді тіркеле алады – ҚР ОСК
Орталық сайлау комиссиясы мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сайлаушыларды тіркеу және сайлау учаскелері бойынша азаматтарды тіркеу бойынша мәліметтерді тексеру жайлы бірлескен акт қабылдады. Акт екі сервисті іске қосуды көздейді, олардың біріне сәйкес, белгілі бір себепке байланысты тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ сайлаушыға дауыс беруге арналған учаскенің мекенжайы бойынша тұрғылықты жері ретінде тіркелуге мүмкіндік береді.
"Алдағы сайлау науқанында екі сервис іске қосылады. Тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізіміне енбей қалған азаматтар жүгінетін. Екіншісі - сайлау учаскесінің мекен-жайы бойынша тіркелуіне мүмкіндік беретін сервис, егер азамат өзін сайлаушылар тізімінен өзін таппаса, бірақ сайлау учаскесінің аумағында тұратынын растай алса". ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров
ЦДИАӨМ басшысының орынбасары Әсет Тұрысов түсіндіріп өткендей, кейбір азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болуы мүмкін. Мысалы, пәтерін сатуға немесе, керісінше сатып алуға байланысты.
"Сайлаушыны тіркеуге мүмкіндік беретін сервис 181 учаскеде іске қосылады. Оның жұмысын ХҚКО-ның 800 қызметкері қамтамасыз етеді, олар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес өз жүйесінде жұмыс істейтін болады". Әсет Тұрысов
Оның айтуынша, тексеру алгоритмі eGov-тан тұрақты тіркелу орны туралы деректерді алуды қамтиды. Содан кейін басқа сайлау учаскелеріндегі тізімдерде азаматтың аты-жөнінің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Осыдан кейін, егер азамат туралы деректер еш жерде көрсетілмесе, ол өзінің сайлау құқығын пайдалана отырып, сайтта тіркеле алады.