Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысындағы бір әулеттің 8 келіні сайлауға барып дауыс берді

Бір әулеттің 8 келіні дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 10:38 Сурет: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы
Шиелі ауданы, Ақтоған ауылында тұратын Сейтжановтар әулетінің 8 келіні бір мезетте сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен әулеттің келіндері кезектен тыс президент сайлауында таңдау жасады.

Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан әулетке сыйлық берілді.

Айта кетейік, өңірде 373 сайлау учаскесі және 482 934 сайлаушы бар.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Сыр елі азаматтардың белсенділігі бойынша алғашқы үштікте

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 25,64 %

2. Ақмола облысы бойынша – 21,21 %

3. Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 %

4. Алматы облысы бойынша – 20,12 %

5. Атырау облысы бойынша – 25,03 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 23,27 %

8. Жетісу облысы бойынша – 25,58 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 32,27 %

10. Қостанай облысы бойынша – 26,97 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 29,41 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 %

13. Павлодар облысы бойынша – 27,90 %

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 %

15. Түркістан облысы бойынша – 27,03 %

16. Ұлытау облысы бойынша 27,81 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 %

18. Астана қаласы бойынша – 13,73 %

19. Алматы қаласы бойынша – 8,42 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 30,92 %

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05-те, 14.05-те, 16.05-те, 18.05-те және 20.05-те берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: