Кремль Қазақстанды маңызды серіктесіміз әрі одақтасымыз деп атады
Песков Қазақстанды Ресейдің маңызды серіктесі және одақтасы деп атады. Ол Республиканың мемлекет ретінде дамуы Ресей азаматтарының мүдделеріне сай келетінін айтты, деп хабарлайды РБК.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпвекторлы сыртқы саясатқа жүгіну қажеттігі туралы сөзіне осылай пікір білдірді.
Бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған болатын. Тоқаев қайта сайланып, өз лауазымын сақтап қалды. Путин Мәскеу мен Астана арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара сыйластық негізінде дами беретінін атап өтті.
ТАСС хабарлағандай, Песков қараша айының соңында Орынбордағы өңіраралық ынтымақтастық форумына Ресей мен Қазақстан президенттерінің қатысатын-қатыспайтынын нақтылай алмады.