Украинада зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны 40-қа жетті
Сурет: pixabay
Украинаның Днепр қаласына Ресейдің зымыранмен жасалған шабуылынан қаза тапқандар саны 40-қа жетті. Тағы 77 адам жараланған. Олардың арасында 14 бала бар, деп жазады Zakon.kz.
Ракета құлаған 9 қабатты тұрғын үйдің 200 пәтері қираған. Үйінділер толық тазартылып біткен жоқ. Іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Киев шабуылды терроризм деп атап, Батыстан көбірек қару сұрады. Ал Мәскеу бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын жоққа шығарып отыр.
Украинаның қауіпсіздік қызметі бұл шабуылды дайындаған және жүзеге асырған Ресей әскерилері туралы ақпаратты жинап жатыр. Әскери қылмысқа жауапты адамдардың барлығы табылып, жауапқа тартылады. Днепрге жасалған шабуыл Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясына кіреді. Владимир Зеленский, Украина президенті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript