Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 214 мыңнан астам борышкер банкроттық туралы өтініш бермек

Борышкерлер ақша төлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 11:18 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 214 мыңнан астам адам бір жылдан бері несиелері бойынша төлем жүргізбеген. Олар өздерін банкрот деп жариялауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда мамандар бұл жеңілдіктің артында біраз шектеулер барын алға тартып отыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Республика бойынша бір миллионнан астам азамат осы заң аясында жағдайын түзей алады. Мамандардың айтуынша, олардың дені, яғни, 215 мыңға жуығы Алматыда тұрып жатыр. Сол себепті, халыққа жаңа заңның тетіктерін түсіндіру дәл осы шаһардан басталған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бұл заң барлық қазақстандықты банкроттық деген атағына ие болу мақсаты емес. Бұл заң қарыздық ауыртпашылыққа батқан азаматтардың тетіктерін шешу. Мүлдем кешірілмейтін қарыздар да бар. Ол мысалы үшін, басқа адамға келтірілген зиян. Өміріне және денсаулығына. Алименттік төлемдер." Меруерт Сейсембаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті бөлімінің өкілі

Бұл ретте, халық арасында осы заңға қатысты несиеге амнистия жариялау сынды жаңсақ түсінік қалыптасқан, Алайда, оның жауапкершілігі өзгеше екенін түсінген жөн, - дейді қаржыгерлер. Мәселен, банкроттық рәсімді іске асырғаннан кейін 5 жыл бойы несие берілмейді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан борышкердің қаржы жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жасалады. Жаңа заң наурыз айынан бастап қолданысқа енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: