Зере Өтебаева Конституциялық Сот аппаратының басшысы болып тағайындалды

Зере Өтебаева Конституциялық Сот аппаратының басшысы болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2023 12:41 Сурет: parlam.kz
Зере Өтебаева Конституциялық сот аппаратының басшысы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зере Өтебаева бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы қызметін атқарған.

Зере Өтебаева 1969 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Мәскеу экономика және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бастығы (1999-2001);
  • Комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Хатшылығының консультанты, Заңнама департаментінің бас консультанты, Халықаралық істер комитетінің қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары (2001-2008);
  • ҚР парламенті мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (01.2008-04.2016);
  • ҚР парламенті мәжілісі аппараты басшысының орынбасары (04.2016-2019);
  • Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (23.10.2019 жылдан бастап)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: