Түркияда үйінділерді тазалап жүрген екінші қазақстандық құтқарушының қызы өмірге келді
Сурет: ҚР ТЖМ
Зілзаладан зардап шеккен Түркияда адам өмірін сақтап қалу үшін аттанған 28 жастағы құтқарушы Олжас Рахметовтың төртінші баласын дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Рахметов 15 ақпанда төртінші рет әке атанды. Құтқарушы қызды болды, сәбиге - Аделия деп есім берді.
28 жастағы Олжас Рахметов астаналық құтқарушы. Төтенше жағдайлар министрлігінде бір жылдай қызмет етіп, өзін үлгілі маман ретінде көрсете білді. Олжас бірнеше мәрте марапатталған.
14 ақпанда қазақстандық құтқарушылар 76 сағат бойы өз бетімен шыға алмаған әкені екі баласымен үйінді астынан алып шықты.
Түркия мен Сириядағы ең күшті жер сілкінісі 6 ақпан күні таңертең болды. Магнитудасы 7,8 баллды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript