Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліске бірмандаттық округтар бойынша кейбір кандидаттарды тіркеуден неге бас тартылды – ОСК

Мәжіліс сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2023 14:52 Сурет: senate.parlam.kz
Бірмандаттық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәжіліс депутаттығына бірмандаттық округтар бойынша кейбір кандидаттарды тіркеуден неге бас тартылғаны айтылды.

"Аймақтық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтерді негізге алсақ, тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін ұсынылған 45 үміткерден өз кандидатурасын өз еркімен алып тастау туралы өтініш келіп түсті. 125 кандидатқа тіркеуден бас тартылды, оның ішінде 1 кандидат Конституция және "Сайлау туралы" заң талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде, яғни 10 жыл ішінде ҚР территориясында тұрақты мекен ету бөлігі бойынша өтпеді". ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров

9 кандидат бойынша Бас прокуратураның мәліметтері негізге алынған. Төртеуі – соттылығы өтелмеген немесе соттылығы туралы мәліметі жойылмаған, 5 кандидат бойынша – сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқық бұзушылық бойынша соттың кінәлі деп тапқаны анықталды.

Бас прокуратураның мәліметінше, 114 кандидатты тіркеуден бас тартуға, көбіне құжаттардың толық құрамда ұсынбауы негіз. 


"Атап айтқанда, сайлау жарнасын төлемеген. Осы негізде оларға кеше кешке тіркеуден бас тартылды. Бір кандидат заңда белгіленбеген кезеңде үгіт-насихат жүргізгені үшін тіркеуге алынбады. Үміткерлер тіркелгеннен кейін тағы 4 үміткердің тіркеуінің күші жойылды. Біреуі - өз қалауы бойынша, үшеуі – ұсынған декларацияларындағы мәліметтердің бұрыстығы бойынша". ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: