СІМ БҰҰ-ның Украина туралы қарарын Қазақстанның неге қолдамағанын түсіндірді
Сурет: gov.kz
БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңартылған 11-ші төтенше арнайы сессиясы барысында Қазақстан "Украинадағы жан-жақты, әділ және берік бейбітшіліктің негізінде жатқан қағидаттар" қарары бойынша "қалыс қалу" деп дауыс берген. Осыған қатысты ҚР СІМ түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ-і мұндай қарар шиеленісті шешуде қауқарлы емес деп санайды.
"Бұл секілді қарарларды қабылдау өзара қолайлы шешім табуға ықпал етпейтіндігіне сүйенеміз. Осылайша, қабылданған қарарда БҰҰ АА 11-ші төтенше арнайы сессиясының барлық алдыңғы қарарларына сілтеме жасалған, олар Украинадан әскерлерді шығарумен қатар, зиянды өтеудің халықаралық тетігін құруды, халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың құрамынан елдерді алып тастауды, халықаралық қоғамдастықтан келісім таппайтын басқа ережелерді көздейді. Қазақстан бұған дейін аталған қарарлар бойынша дауыс беруден бас тартқан, себебі олар тараптардың өзара түсіністігіне ықпал етпейтініне, тек дағдарысты күшейтіп, бөлу сызықтарын тереңдететініне сенімді". ҚР СІМ
Сондай-ақ құзырлы ведомство бұл ретте, Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың басты қағидаттары негізінде жанжалды шешудің дипломатиялық жолына қатаң берік екенін тағы да баса атап өтеді.
"Бұл қағидаттарды тұрақты сақтаудың маңыздылығын атап өтеміз және БҰҰ-ға мүше елдерді басқа мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, өзара сыйластық пен бейбіт қатар өмір сүруді сақтау және ұстану бойынша жауапкершілікке шақырамыз. Қазақстан өзара қолайлы шешімдерді табуға ықпал ететін кез келген келіссөздер процесіне жәрдемдесуге дайын екендігін растайды және Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуге болады деп санайды". ҚР СІМ
Алдында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Қазақстан Шенген визасы бойынша "қара тізімге" енді" деген ақпаратқа қатысты пікір білдіргені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript