Жаңалықтар тізбегі
0

Блинкен Қазақстанға қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 18:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің бірлескен конференциясы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұхтар Тілеуберді АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Құрама штаттарының жаңа реформаларға қолдау білдіріп отырғанын атап өтті.

"АҚШ Тоқаев жариялаған реформалар бағдарламасын ашық қолдайды. Біз қосымша нақты қадамдар болады деп күтудеміз", - деп атап өтті Тілеуберді.

Өз кезегінде Блинкен қазақстандықтарға қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді.

"Қазақстанда болған маған ұнады, өткен жылдың мамыр айында Вашингтонда болған кезіңізде ауа райы жақсырақ еді. Бірақ өзіңіздің және Президент Тоқаевтың бізді жылы қабылдауы оның орнын басып кетеді. Әсіресе, қонақжайлылық үшін алғыс айтқым келеді", - деді Блинкен.

Энтони Блинкеннің Қазақстанға келетіні туралы 24 ақпанда белгілі болды. Сол кезде СІМ АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен 28 ақпанда келетінін нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысын қабылдады. Америкалық дипломатты құттықтай отырып, Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Қазақстан мен АҚШ екіжақты және көпжақты форматта үлгілі өзара байланыс танытты деп атап өтті.

2023 жылы 28 ақпанда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: