Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ басшысы Қазақстанның қосалқы санкцияларға ұшырамас үшін нендей шара қолданатынын айтты

Баспасөз конференциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 19:45 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкенмен бірлесіп өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның қосалқы санкцияларға ұшырамас үшін қандай шаралар қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметі мен АҚШ әкімшілігі арасында Қазақстан экономикасы үшін жағымсыз салдарларды және ықтимал қосалқы санкцияларды болдырмас үшін тұрақты консультациялар бір жолға қойылған. 

"Екі жақтан ұлттық үйлестірушілер тағайындалды, олар бір-бірімен тұрақты байланыста. Америкалық тарап, қосалқы санкцияларға ілінуі мүмкін жағдайлар туралы бізді алдын-ала хабарлар етіп отырады, ол үшін алғысымыз шексіз. Бүгінгі таңда бізде қосалқы санкцияға ұшыраған қазақстандық компаниялар немесе секторлар жоқтың қасы". Мұхтар Тілеуберді


Баспасөз мәслихатында Энтони Джон Блинкен Ресейге қарсы санкциялардың Орталық Азия елдеріне әсері туралы да айтып берді.

Энтони Блинкеннің Қазақстанға келетіні туралы 24 ақпанда белгілі болды. Сол кезде СІМ АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен 28 ақпанда келетінін нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысын қабылдады. Америкалық дипломатты құттықтай отырып, Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Қазақстан мен АҚШ екіжақты және көпжақты форматта үлгілі өзара байланыс танытты деп атап өтті.

2023 жылы 28 ақпанда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: