Ерлан Қарин сайлау жөнінде: реформалар қоғамда қолдау тапты
Сурет: ortcom.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс беріп, бүгінгі сайлау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Қариннің айтуынша, барлық сайлау маңызды, өйткені сайлаушылар, яғни қарапайым азаматтар шешім қабылдау процесіне қатысуға, қабылданатын шешімдерге ықпал етуге мүмкіндік алады.
"Қазіргі сайлау бұрынғыдан да маңыздырақ, өйткені ол жаңа ережелер бойынша өтіп жатыр және біз Парламентті жаңа ережелер, жаңа нормалар бойынша сайлап қана қоймаймыз. Бізде басқа жаңа өкілеттіктері бар Парламент сайланып жатыр. Сондықтан бұл сайлаудың маңызы зор". Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші бұл сайлаудың алғы шарттары Президенттің өткен жылғы наурыздағы Жолдауында, оның реформалар бағдарламасында айтылғанын еске салды.
Бұл сайлау реформаларды одан әрі жүзеге асыруға жағдай жасауы тиіс. Осы сайлаудың нәтижесінде қоғамдық-саяси өріс кеңейеді деп болжанып отыр.
Сондай-ақ Ерлан Қарин депутат болуға тілек білдіргендер саны көп болғандығы жөнінде ойын ортаға салды.
"Біріншіден, бұл реформалардың қоғамда қолдау тапқанын көрсетеді. Бүгінде көп адамның бір мандатты сайлау округтерінен ұсынылғаны, түрлі саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына қатысқаны – президент реформаларына қызығушылық пен қолдау жоғары екенін көрсетеді және бұл реформалар үміт берді. Бұл сайлау жоспарланған реформаларға тағы бір жаңа серпін береді деп сенемін". Ерлан Қарин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript