Қостанайлық полицейлер есірткі тарататын арналардың жолын кесті

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 13:51 Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қостанайдың 28 жасар тұрғынын ұстады, ол көппәтерлі үйлердің бірінде “синтетика” қалдырмақшы болған.

Тінту жүргізу кезінде одан 119,46 грамм “а-PVP” есірткі психотроптық зат табылып, тәркіленді. Бұл аса ауыр салмақты құрайды, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов.

39 жастағы екінші күдіктіні полицейлер Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында ұстады. Көліктен салмағы 2 келіден асатын гашиш және 2 келі 194 грамм марихуана табылды. Есірткінің рюкзакта болғандығы белгілі болды.

Алғашқы тергеу әрекеттері барысында күдіктінің есірткіні елдің оңтүстік өңірінде сатып алғаны анықталды. Әрі қарай ол Қостанай облысының аумағында есірткі сатуды жоспарлаған, – деді Дүйсембай Байбосынов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан арғы жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: