Қазақстанның Әділет министрі тағайындалды

Министр қайта тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 12:10 Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 4 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «А.Н.Есқараевты тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалсын», - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Азамат Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 мекемесінде жұмысшы болып бастаған (1996). Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі болды (07.2007-2008 ж.);

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры (2008-2009);

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры (2009-2014);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2014-2019);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі (26.07.2019-01.04.2023).

2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: