Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылмақ

Елімізде педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылмақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 16:07 Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев ведомство мұғалімдерді аттестаттау үдерісін толық автоматтандыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, аттестаудағы негізгі мәселелер – бұл педагогтердің электрон және қағаз нұсқада жинайтын құжаттарының көптігі, аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарау уақытының ұзақтығы, тест тапсырмаларының сапасы. Сонымен қатар басты мәселелердің бірі аттестаттау процесінің объективтілігін, ашықтығын және академиялық адалдық принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету.

"Осы мәселерді реттеудің басты құралы ретінде аттестаттау процесін автоматтандыру қолға алынды. Қарапайым тілмен айтқанда аттестация жүйесі «бір батырма» принципімен жүргізілетін болады. Яғни, мұғалім тек аттестациядан өтуге ниет білдіргенін растайды, ал аттестациядан өтушінің жеке құжаттары және оның біліктілігінің деңгейін анықтайтын тиісті материалдарды ақпарттық жүйе өзі автоматты түрде жинақтап, талдап, қысқа уақыттың ішінде қорытындысын шығарады", - деді Ғани Бейсембаев.

Бұл адами факторды толықтай шектеп, объективтілік пен транспаренттікті орнатуға ықпал етеді деп қосты министр. Жоспарланған жаңа өзгерістер Педагог қызметінің жоғары кәсібилігі мен жетістігін оқушылардың нәтижелі көрсеткіштерімен тікелей байланыстыруға басымдық беріледі.

Педагогтердің аттестациядан өту аралық мерзіміне сәйкес зейнеткерлік жасқа дейін 5 жыл қалған педагогтерді, егер олар жұмысын әрі қарай жалғастырмайтын жағдайда, аттестаттау рәсімінен босату қарастырылып жатыр. Аттестаттаудың тестілеу рәсімін де жетілдіру көзделген.

Жұмыс тобы педагогтердің пәндік білімін бағалауды біліктілік санатына байланысты жоғары, орта, төмен деңгейлердегі тапсырмалардың сапасын арттырып, оның пайыздық арақатынасын реттеу, жас мамандар, педагог кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін және жұмыс өтілінде үзілісі бар адамдар үшін «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін диагностикалау» бағыты бойынша сынақтан өткізу ұсынылып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: