Көлгінов президенттің Меншік иелері бірлестігі туралы сөзіне пікір білдірді
Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан МИБ реформасында қателескен болуы мүмкін деген сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алтай Көлгінов Меншік иелері бірлестігі реформасында біраз олқылық болғанына келісті.
"Жаңа заңға сәйкес, бір тұрғын үй кешенінде бірнеше кіреберіс болса, әр подъезд өзі МИБ аша алады. Бұл қатенің бірі болды. Бір үлкен тұрғын үй кешенінде бір ғана желі болғандықтан, бір басқарушы компания болуы керек. Әйтпесе, әр подъезден МИБ ашса, былайша айтқанда әбігер болады. Осы тұстарды алдағы уақытта ескеру қажет. Қазір орталық мемлекеттік орган депутаттармен бірге жұмысты ойластырып жатыр".Алтай Көлгінов
Меншік иелері бірдетігімен қатар Қазақстанда әлі күнге дейін ПИК (Пәтер иелері кооперативі) жұмыс істейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет кеңесінде Меншік иелері бірдетігін енгізу қате болғанын айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript