Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетінің сессиясына қатысады
Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 2-3 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов бастаған қазақстандық делегация Женевада өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы комитетінің 76-шы сессиясына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған сессия барысында Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның орындалуы туралы Қазақстанның Төртінші мерзімді баяндамасы қорғалады, делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған конвенция шеңберіндегі міндеттемелерге сәйкес, барлық қатысушы мемлекеттер өз мерзімді баяндамаларын ұсынады, содан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Комитетінде қорғайды.
Қорғаудан кейін аталған комитет қорытынды ескертулерін жариялайды, олардың негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары келесі есепті дайындайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript