Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрінің тізбесін бекітті

Үкімет өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрінің тізбесін бекітті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 10:57 Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен тек өндірушілер экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған норма фермерлерге аса қажет аммоний нитраты және аммофос сияқты тыңайтқыштар түрлеріне қатысты. Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50% көлемінде субсидиялайды.

"Сонымен бірге бағаның төмендігін алыпсатарлар да пайдаланып кетіп жатыр. Осылайша, кеден органдары елімізде субсидияланатын тыңайтқыштарды өндірушілерден бөлек нарық субъектілері экспорттаған фактілерді де тіркеуде. Бұл отандық аграрийлердің сұранысын қамтамасыз етуге кері әсер етеді", - делінген үкімет хабарламасында.

Сондықтан үкімет тыңайтқыштардың осы түрлерін тек оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылдады. Отандық аграрийлердің тыңайтқыштарға деген сұранысы өңір әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес басым тәртіппен қамтамасыз етілмек.

Айта кетері, қабылданған қаулы негізінде заңда белгіленген мерзімде тиісті лицензиялар беру тәртібін реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленеді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті лицензия берумен айналыспақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: