Орталық Азия елдері басшылары мен Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген ән салды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 21:55 Сурет: видеодан алынды
Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Си Цзиньпиннің алдында әлемге танымал Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген ән салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тан әулетінің Лотос саябағында Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Си Цзиньпиннің кездесуі ресми қабылдауға ұласты, деп хабарлайды Ақорда.

Жоғары деңгейдегі қонақтар алдында жерлесіміз Димаш Құдайберген қытай тілінде ән шырқады.


Бұған дейін "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өткені, олардың құрметіне Лотос саябағында театрландырылған қойылым көрсетілгені хабарланған болатын. 

Сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы  Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: