Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құрамына кіруді жоспарлап отырған жоқ – Ақорда

Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құрамына кіруді жоспарлап отырған жоқ - президент баспасөз хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 10:54 Сурет: akorda.kz
Бұл туралы президент әкімшілігі басшысының орынбасары - президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мемлекет басшысы жақында Мәскеу қаласында өткен II Еуразиялық экономикалық форумға қатысқанын, жиын барысында бүгінде сарапшылар қауымдастығы кеңінен талқылап жатқан бірқатар мәлімдеме жасағанын еске салды.

"ЕАЭО аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді. Президент атап өткендей, экономикалық интеграция – бұл түпкі мақсат емес, ол экономиканы дамытудың және халықтарымыздың әл-ауқатын арттырудың негізгі құралдарының бірі. Яғни, ұйым аясында қабылданатын кез келген шешім оның әрбір мүшесіне және, ең алдымен, олардың азаматтарына пайдасын тигізуі тиіс", - деп жазды Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар ол түрлі деңгейдегі интеграция мәселесі қозғалғанын айтты.


"Бүгінде ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты. Бұл – ерекше прецедент. Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ".Руслан Желдібай
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: