Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда Шарль Мишельмен кездесті

Еуропалық кеңес президенті, Қазақстан президенті, «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусым күні Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Орталық Азия – Еуропалық Одақ" саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесу өткізді, деп мәлімдеді ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті.


"Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы", – делінген хабарламада.

Өз кезегінде Шарль Мишель ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ олар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз