Тоқаев төрт мемлекетке елші тағайындады

Қазақстан президенті, Қазақстанның елшілері, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 16:36 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 16 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Чехия, Корея, Хорватия және Сингапурдағы елшілерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ресми сайтының жазуынша:

  • Бақыт Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: