Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Вагнер" жасағының бүлігі жайлы: Бұл – Ресейдің ішкі мәселесі

Телефон арқылы әңгімелесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 15:53 Сурет: akorda.kz
24 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі", делінген Ақорда хабарламасында. 

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Айта кетсек, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағы сарбаздар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламадан кейін белгілі болды.

Мәскеу қаласында, Мәскеу және Воронеж облыстары территориясында ықтимал террористік актілердің жолын кесу үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Бұл туралы ресейлік Ұлттық терроризмге қарсы комитеті мәлімдеді.

РФ-дағы ҚР елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

Ресей армиясының генералы "Вагнер" ЖӘК басшылығы мен жауынгерлерін сабырға шақырды.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК-тің шабуыл жасағы жауынгерлеріне жүгініп, оларды алдап, Пригожин қылмыстық авантюрасына және қарулы көтеріліске тартқанын мәлімдеді.

Көп ұзамай Владимир Путин үндеу жасады. Ол елді қорғау үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: