Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да журналистерге құрмет көрсетілді

БҚО-да журналистерге  құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 22:16 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Өткен аптада Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ең әуелі, көрермен көрме залына қойылған БАҚ-тың жылнамасы, әр дәуірдегі экспонаттармен танысты.

Жалпы облыста 75 бұқаралық ақпарат құралдары - 6 телеарна, 53 газет, 14 журнал және 2 ақпараттық агенттік бар. Мерекелік іc-шараға арнайы келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мейрамын мерекелеу бойынша 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде ресми бекітілді. Ұжымды ұйыстырып, қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында өңірімізде мерекеге орай салтанатты жиындар, медиа-форумдар мен түрлі спорт түрінен дәстүрлі спартакиадалар ұйымдастырылып келеді. Биыл журналистер шағын футбол, бильярд, боулинг, шахмат ойындарынан өзара сынға түсті. Шашасына шаң жуытпай, қатардан қара үзіп межеге алғашқы боп жеткен жеңімпаздарға сый-сияпат көрсетілді. Ал бүгінгі мерекелік іс-шара барысында өңірімізге еңбегі сіңген журналист, Ұлы Отан соғысы ардагері, облыстың "Орал өңірі", "Приуралье" газеттерін басқарған Хабир Нұрмұхамедовтың есіміне ескерткіш тақта ашылды. Журналистерді ұлықтаған мұндай тағылымды іс-шара облысымызда тұңғыш рет жүзеге асуда. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз – осы. Қазіргі таңда ғаламтордың қарқынды дамуы коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырып, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа медианың сабақтастығын күшейте түсті. Тіпті, әлеуметтік желілер БАҚ-қа бәсекелеске айналды деуге болады. Соның арқасында кәсіби мамандардың бәсекеге қабілеттілігі арта түсті. Мемлекеттік реформаларды халыққа түсіндіру бағытында журналистер аянбай қызмет етуде. Осы жылдың наурыз айында қабылданған ақпараттық доктрина – ақпараттық-коммуникациялық салада мемлекеттік саясатты қалыптастыратын атаулы құжат болды. Бұл журналистер қауымының мемлекет назарынан тыс қалмауының тағы бір дәлелі болса керек, – деп сөзін сабақтаған облыс әкімі ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар БАҚ өкілдерін марапаттады.


БҚО-да журналистерге  құрмет көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 22:16

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Бұл күні облыстық "AQJAIYQ" телеарнасының редакторы Тәтті Өтеғалиева мен облыстық "Орал өңірі" газетінің тілшісі Гүлбаршын Әжігереева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен, Жәнібек аудандық "Шұғыла" қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Асқар Құсайынов, республикалық "Казахстанская правда" газетінің облыстағы меншікті тілшісі Наталья Портнягина ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің "Құрмет" грамотасымен марапатталды. Сондай ақ бірқатар ардагер журналистер мен саптағы тілшілер "БҚО үздік ақпарат қызметкері" медалімен марапатталды. Олардың қатарында Жаңақала аудандық "Жаңарған өңір" газетін ұзақ жыл басқарған ардагер-журналист Өмірзақ Ақбасов, Сырым аудандық "Сырым елі" газетін ұзақ жыл басқарған ардагер-журналист Махмет Қажиахметов, облыстық "Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары Нұртай Текебаев, "Приуралье" газетінің бас редакторы Тоқтар Кенжеғалиев және басқалар бар. Салтанатты іс-шарада республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің облыстағы меншікті тілшісі Қазбек Қабжан, "Жайық үні" газетінің бас редакторы Мира Шүйіншалиева, облыстық "Приуралье" газетінің тілшісі Света Аманова және басқа да журналистерге облыс әкімінің алғысхаты мен қаржылай сыйақы табысталды.

Мерекелік іс-шарада журналистер ән шырқап, өлең оқып, өз өнерін паш етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: