Қазақстанда ШЫҰ-ның Энергетикалық форумы өтуі мүмкін

Шанхай ынтымастық ұйымы, ШЫҰ, Тоқаев, электр энергиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 14:13 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Ұйым шеңберінде энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша бірқатар ұсыныс жасап, Қазақстан ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті Ұйым аясында энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру қажет екенін атап өтті. 

"Бүгінде бұл бағыттағы өзара жүйелі іс-әрекеттерді жолға қоюдың өзектілігі артып келеді. Бізге энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру қажет Сондай-ақ энергетиканың жаңа түрлеріне көшуге, экономика мен өнеркәсіпті көміртегінен арылтуға бағытталған келісімді іс-әрекеттер керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Осыған байланысты ол келесі Астана саммитіне дейін ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын келісуді ұсынды.

"Бұл құжаттың қабылдануы орнықты даму саласындағы БҰҰ Күн тәртібінің мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді. Біз аталған мәселенің аса маңызды екенін ескере отырып, Қазақстанда ШЫҰ-ның Энергетикалық форумын өткізуге дайынбыз", – деді ол.

Оның сөзінше, бұл саладағы ынтымақтастықтың перспективаларын жан-жақты талқылау елдердің энергетикалық қауіпсіздігі мен теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен әдістер әзірлеуге мүмкіндік бермек.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: