Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: 20 жылда ШЫҰ аясында бірде-бір ірі экономикалық жоба жүзеге асырылған жоқ

Президент ШЫҰ алдында сөз сөйледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 14:11 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысында бірлескен инвестициялық қор құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Географиялық тұрғыда мемлекеттердің байланысы, көлік-транзит әлеуеті, нарықтың ауқымдылығы мен экономикалардың бірін-бірі толықтыруы ШЫҰ-ның басымдығы саналады. Осыған қарамастан, ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады. Жобаны қаржылық қолдау механизмдерінің болмауы – мұның айқын факторы.

"Осыған байланысты Үкіметтер басшыларының кеңесіне бірлескен Инвестициялық қор құру мүмкіндігін қарастыруды тапсыруды және осы маңызды жоба бойынша ұсыныстар айтуды ұсынамын. Әлемдегі қаржы институттарының үздік тәжірибелерін меңгерген "Астана" халықаралық қаржы орталығы ШЫҰ-ның аймақтық жобаларына тікелей және портфельді инвестиция құюды ынталандыру үшін тиімді платформа бола алады". Президент

Экономикалық кооперация көбіне көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалануға байланысты. Жүк жеткізудің дәстүрлі тізбегінің үзілуіне байланысты заманауи көлік инфрақұрылымын құрудың және жаңа бәсекелі бағыттар ашудың стратегиялық маңызы арта түсті.

"Бір белдеу, бір жол" мега жобасы мен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын жүзеге асыруға бірлесе күш салу арқылы біз "Солтүстік – Оңтүстік" және "Шығыс – Батыс" дәліздерінің мүмкіндігін ашудың барлық алғышартын қалыптастырамыз. Мемлекет басшысы

Іс жүзіндегі шара ретінде Ірі стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтардың серіктестік желісін құруды ұсынамыз. Аталған механизмнің нақты модальдылығын елдеріміздің үкіметтері қарастыра алады. Бұл іске көлік және темір жол әкімшіліктерінің басшыларын қатыстыру қажет, - деді президент. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: