Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнатуды ұсынды

Қазақстан ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнатуды ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 14:22 Сурет: БҰҰ
4 шілде күні өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаев экология саласындағы өзара байланыстарды нығайту мәселесіне тоқтала келе, ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Экологиялық күн тәртібін ілгерілетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу және қоғамның әл-ауқатын арттыру мүмкін емес" деген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  ШЫҰ-ның Экология жылы аясында бірқатар шараны қолға алуға болатынын айтты.

"Өкінішке қарай, су тасқыны, қуаңшылық, өрт, судың және топырақтың ластануы секілді түрлі табиғи катаклизмдер айтарлықтай көбейгенін байқап отырмыз. Осы ретте Қазақстан қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешу үшін күш біріктіруді көздейді", – деді ол.

Мынадай міндеттерге баса назар аудару қажет деп екенін атап өтті:

  • ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнату;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау.

Бұл шаралардың барлығын ол бүгін қабылданатын Декларацияда бекітілген ШЫҰ-ның Экология жылы аясында ұйымдастыруды ұсынды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: