Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі су тапшылығы жағдайын баяндады

Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі су тапшылығы жағдайын баяндады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 11:31 Сурет: Zakon.kz
12 шілдеде өткен ҚР үкіметінің отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев су тапшылығына қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ басшысы Маңғыстау облысында мамыр айының басынан қыркүйектің аяғына дейін анда-санда су тапшылығы байқалатынын атап өтті.

"Кейінгі екі-үш күнде сумен қамтамасыз етуде айтарлықтай олқылықтар болды. Зауыт басшылығы дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде проблеманы шешті. Қазір сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар сіздің (премьер-министр Әлихан Смайылов. – ред.) Маңғыстау облысына жасаған сапарларыңызда, өзіңіз байқағандай, қазір Каспий тұщыту зауытында су тазарту қондырғылары жұмыс істеп жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың 80%-ы аяқталды".Нұрлан Ноғаев

Әкімнің айтуынша, негізгі технологиялық жабдықты орнатуға өтінім берілген. Қазір дайындық болып жатыр. Құрастыру тамыз айына жоспарланған.

"Қыркүйек айына дейін монтаждау аяқталады, қазан айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. 5 миллиард 600 миллион теңге деген - біз үшін өте үлкен көмек. Маңғыстау облысы халқының атынан алғыс айтамын. Тұщыландыру зауыты іске қосылғаннан кейін Мұнайлы, Қарақия аудандарының мәселесі шешіліп, халықты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады".Нұрлан Ноғаев

Мұнайлы ауданында күрделі жағдай қалыптасып отыр. "Каспий" тұщыту зауытындағы жөндеу салдарынан облысқа келетін су тәулігіне 13 мың текше метрден 10 мыңға дейін азайды. Каспий тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 20 мың текше метрге арттыру үшін үкімет резервінен 5,6 млрд теңге бөлінеді. Осылайша ауыз сумен қамтамасыз ету тәулігіне 40 000 "текшеге" дейін жеткізіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені тез арада шешуді тапсырған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: