Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов қызметінен кетті

Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов қызметінен кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 12:24 Сурет: wikimedia
Ержан Темірханов Қарағанды ​​облысындағы Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды. Қала басшысының міндетін уақытша Алмас Сүлейменов атқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ержан Темірхановтың қызметінен кеткенін "Вечерняя Караганда" басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, әкімнің еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталған.
Ержан Темірханов 1980 жылы туған, Қарағанды ​​заң институтын және Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде бастаған (2002-2005), кейін Алматы және Қарағанды ​​қалаларындағы жеке ұйымдарды басқарды, 2011 жылы "БТА Банкі" АҚ-да басқарма басшысы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Қарағанды ​​облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды, 2013 жылы Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары, 2013-2017 жылдары Қарағанды ​​қаласы Октябрь ауданының әкімі болды.

Ержан Темірханов Саран қаласының әкімі қызметін 2017 жылдың мамыр айынан бері атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: