Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар көлік нөмірін онлайн ауыстыра алады

Қазақстандықтар көлік нөмірін онлайн ауыстыра алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 15:31 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлесе енгізілген инновация туралы түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде автокөлікті сатып алу-сату және қайта рәсімдеу онлайн қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл Қазақстанның Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды. Бүгінгі ең үлкен жетістіктің бірі - 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты.

"Бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажет жойылды. Сонымен қатар сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алдық. Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді. Сонымен қатар біз ел азаматтарының автокөлікті бастапқы тіркеу кезінде тапсыруға тиісті құжаттарының санын азайттық. Кейбір жағдайда біз арнайы ХҚО-ға бару қажет екенін жойдық. Мұның бәрі процестерді одан әрі ыңғайлы және қолайлы етеді", - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Азаматтардың мұндай қажеттігін қалай анықтайтыны туралы ла айтылды. Ол үшін іскерлік әдіс қолданылады.


"Түрлі мемлекеттік орган біздің министрліктің аясында жиналып, жобалық топтарға бірігіп, нақты өмірлік жағдайды қарастырады. Мысалы, біздің жағдайда ол "Автокөлік иесі" деп аталды. Бұл жоба командасы содан кейін "тапсырыс берушінің (азаматтың) әртүрлі операция алу кезіндегі жолын" қадағалайды және бақылайды. Азаматтарымыздың әртүрлі өмірлік жағдайларында кездескен қиындық нүктелері, қолайсыздықтары мен кемшіліктері анықталады, содан кейін оларды қалай оңтайлы түзетуге болатыны ұсынылады". Бағдат Мусин

Ұсынылған шешімдер бірден қабылданбайды. Олар фокус-топтарда сынақтан өтіп, онлайн сауалнамалар жүргізіліп, адамдардан кері байланыс алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Министрдің сөзінше, бұл әдіс ең тиімдісі. Жоғарыда айтылған жаңа қызметтің енгізілуі – осы тәсілдің нәтижесі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: