Оралда спортшыларға құрмет көрсетілді
Өңір басшысы спортты дамытуға еңбегі сіңген жаттықтырушылар мен спорт саласындағы қызметкерлерге "Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "ҚР Құрметті спорт қызметкері", "ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы төсбелгілерін табыстады.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Олардың қатарында №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ерден Жанғалиев, қол күресінен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында үш дүркін әлем чемпионы Насыр Махамбетовті дайындағаны Азон Шаймарданов және басқалар бар.
Сонымен қатар бұл күні спорт саласының жиырмаға жуық қызметкері облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерекелік кешке қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екендігін атап өтті.
"Кейінгі екі жылда 33 батысқазақстандық әлем чемпионы атанса, 14-і Азия чемпионы және 479-ы ел чемпионы болды. Бүгінде облысымызда 270 мыңнан астам адам спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл облыс халқының 39%-ына тең. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес облысымыздағы тоғыз ауданда спорт кешендері пайдалануға беріліп, төрт спорт кешені салынып жатыр. Келесі жылдың соңына дейін облыстың барлық аудандары дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтылмақ. Спортзалдармен қамтамасыз ету, бапкерлердің еңбекақысын көтеру жалғасып жатыр. Атқарылған жұмыстар тұрғындардың спортқа бетбұрыс жасап, сенімді серік етуіне септігін тигізері сөзсіз, – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі