Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысындағы елді мекенді неліктен ең қауіпсіз ауыл деп атайды

Ақтөбе облысындағы елді мекенді неліктен ең қауіпсіз ауыл деп атайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 09:35 Сурет: primeminister.kz
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тассай ауылы еліміздегі ең қауіпсіз ауылдардың бірі деп аталады. Кейінгі екі жылда мұнда бірде-бір қылмыс болмаған.

Кейінгі екі жылда Ақтөбе облысындағы Тассай ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Сондықтан да жергілікті тұрғындар түнде де есігін құлттап жабу әдетінен арылған. Ауыл өте қауіпсіз. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

"Қылмыс дегенді ұмыттық. Мен 75 жастамын, осында тұрамын. Степноеде тұрдым, қазір осында тұрып жатқаныма 35 жыл болды. Қылмыс жоқ, бәрі жақсы".Валерий Анучин, ауыл тұрғыны
"Біздің ауыл өзі өте тыныш, жақсы. Адамдардың бәрі түсіністікпен қарайды және бір-біріне көмектесіп, өмір сүреді. Ал қылмысқа келсек: ондай бірде-бір адам болған жоқ. Адамдар жайбарақат жүреді. Олар үйлерін іс жүзінде жаппайды".Бекзат Шайжанов, ауыл тұрғыны

Қылмыстың нөлдік деңгейін жергілікті учаскелік полиция қызметкері де айтты. Тыныш ортаға қарамастан, ол өзіне жұмыс табады екен. Мысалы, ол кейінгі ұрпақты тәрбиелеймін дейді.

"Мен осында үшінші жыл жұмыс істеймін. Осы уақытта ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Соған қарамастан мен таңертеңнен кешке дейін қызметте боламын. Аудан әкімімен, мектеп қызметкерлерімен бірлесіп, рейд жүргізіп, халыққа түсіндіреміз. Аптасына бір рет жастармен әңгімелесіп, болашақты тәрбиелеуге атсалысып келемін.Райымбек Оңғарбаев, Тассай ауылдық округінің учаскелік инспекторы

Айта кетері, Тассайда қылмыс жоқ болғанымен басқа ауылдардай ішімдіктен бас тартқан емес. Мұнда азын-аулақ ішімдіксіз демалыс өтпейді дейді ауыл тұрғындары. Бірақ бәрі қалыпты жағдайда.

Айтпақшы, Ақтөбе облысында мұндай 14 ауыл бар. Телеарнаның хабарлауынша, барлық жерде қылмыс нөлге тең.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: