Президент әкімшілігінде кадрлық тағайындаулар болды

Президент әкімшілігінде кадрлық тағайындаулар болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 16:24 Сурет: akorda.kz
Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: