Мәдениет және спорт министрлігі Туризм және спорт министрлігі болып қайта құрылды
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйек күні "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында президент қаулы етті.
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі оны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын", – делінген құжатта.
Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Ораловты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript