Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган құрылды

Подписание законов, назначения, Акорда, резиденция Президента РК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 11:22 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 29 тамызда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде құрылсын, – делінген құжатта.

Осыған байланысты Қазақстан Президентінің кейбір актілеріне тиісті өзгерістер енгізіледі.

Атап айтқанда, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты" деген жол қосылды.

Сондай-ақ саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі "Саяси мемлекеттік лауазымдар" тарауына өзгеріс енгізілді.

  • "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасары" деген жолдан кейін "Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары" лауазымы енгізілді.
  • Ал "Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы" деген жолдан кейін "Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары" деген жол қосылды.

Құжатта мынадай тармақтар жаңа редакцияда жазылды:

Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы басқарады.

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі және Төтенше жағдайлар министрі лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына тікелей бағынады.

Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етуді оның жұмыс органы саналатын Аппарат жүзеге асырады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: