Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Мұрат Әйтеновті қызметінен алып тастады

Шымкент қаласы, Президент жарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 13:32 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мұрат Әйтенов Шымкент қаласы әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 қыркүйек күні қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған құжатта.

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының отырысы өтетінін, онда Шымкент қаласының әкімін тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралатынын хабарлаған едік.

Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.

Армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын "ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы" мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды экономикалық университетін "заңтану" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

ҚР ПІБ "Астана-Өнім" АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі,  ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті сс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдың 27 желтоқсанында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды, 2020 жылдың 21 қаңтарында Шымкент қаласының әкімі атанды, 2022 жылдың 1 желтоқсанында осы лауазымға қайта тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: