Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат: Балқаш атом электр станциясын сумен қамтамасыз ете алмайды

Депутат: Балқаш атом электр станциясын сумен қамтамасыз ете алмайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 14:31 Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Балқаш көлі үкімет күткендей АЭС-ті сумен қамтамасыз ете алмайды деп есептейді. Бұл туралы ол пленарлық отырыс барысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Үлкен ауылында өткен қоғамдық тыңдау өзінің толық сәтсіздігін көрсетті деп есептейді. Сергей Пономаревтің айтуынша, жергілікті тұрғындар "ауылды қайта түлетуге тырысқанымен", нюанстар бар. Мысалы, апат бола ма деген қорқыныш бар. Әсіресе қазақстандықтар арасындағы мысалдар: Чернобыль, Семей ядролық сынақ полигоны.

Рған қоса Атом электр станциясын сумен қамтамасыз ету мәселесі де бар.

"Іле өзені бастауын Қытайдан алады. Қытай трансшекаралық өзендер туралы конвенцияға қол қойған жоқ. Ол суды қажетінше пайдаланады. Ал бұл өзен Балқаш көлі ағынының 70%-ына тең. Қалғанын өзіміздің жергілікті өзендер қамтамасыз етеді. Балқаш көлінің тереңдігі 6 метр, бұл өте аз. Егер ол 2-2,5 метр таязданса, онда ол батпақ болады. Әрине, атом электр станциясын сумен қамтамасыз ете алмайды. Құрғақ атом электр стансасы деген – мүлдем басқа ақша, мүлдем басқа мәселе. Біраз мәселе әлі қарастырылып жатқан жоқ. Сондықтан тақырыпқа тереңірек үңілу керек деп ойлаймын. Елімізде референдум болатыны, бұл өте қымбат оқиға. Меніңше, бұл өте өзекті, өте маңызды".Сергей Пономарев

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесінде барлық "жақсы" және "жаман" жақтарын таразылау керек. Бірақ Сергей Пономарев елімізде бар энергетикалық қуаттың жеткіліксіз болатынын айтты.

"Ал біз бес жылдан кейінгі перспектива туралы айтып отырмыз. Қазір су тапшылығын сезініп, көріп отырмыз. Әзірден шара қолданбасақ, бес жылдан соң электр қуатынан да айырыламыз".Сергей Пономарев

"Қазақстанда атом электр стансасын салу керек пе?" деген мәселені жалпыхалықтық референдумда шешу керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Мәжіліс алаңында ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов сайлау комиссиясы қазірдің өзінде Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өткізуге дайындалып жатқанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: