Мемлекет басшысы ертең Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 19:18 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады", делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 25 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Сондай-ақ 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: