Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа Кенияның инвестициялық жобаларына қаржы құю ұсынылды

 Кения Республикасы, Қазақстан, инвестиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 09:13 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кения Республикасының президенті Уильям Рутомен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Кениямен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Президент Кенияны Африка құрлығындағы қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде атап өтіп, өзара ынтымақтастықты дамытуға ерекше қызығушылық туғызатын мемлекет екенін жеткізді.

Мен Кенияның даму барысын, экономикалық және сыртқы саясатын қадағалап отырамын. Сондай-ақ Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайынмын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Уильям Руто қазақстандық компанияларды Кения экономикасына белсенді түрде инвестиция құюға, соның ішінде астық терминалын салу арқылы Момбаса портын кеңейту мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықты нығайтудың мүмкіндіктерін зерттеу үшін Кенияға сауда миссиясын жіберуге ниетті екенін айтты.

Президент Африка мемлекеттерімен екіжақты деңгейде және көпжақты бірлестіктер аясында, ең алдымен БҰҰ шеңберінде өзара байланысты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Уильям Рутоны келесі жылы Қазақстанға сапармен келуге және Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: