Қазақстан құмар ойындарға тәуелді адамдарды емдей ме

Қазақстан құмар ойындарға тәуелді адамдарды емдей ме, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 17:40 Сурет: unsplash
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният құмар ойындарға тәуелділікті емдеу хаттамасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанда құмар ойындарға тәуелділікті емдеу хаттамасы сынақтан өткен.

"Лудомания хаттамаға сәйкес, психикалық бұзылыс ретінде, психопатияның бір түрі ретінде емделеді. Мамандар хаттаманы әзірледі. Ол біздің медицина ұйымдарында мақұлданған. Оны бірнеше күннен кейін бірлескен сапа комиссиясы бекітеді."Ажар Ғиният

Жекеменшік медицина орталықтарындағы ойынға тәуелділікті емдеуге келсек, Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, мұндай ұйымдар тек медицина лицензиясы бойынша емдеуі керек. Ал егер орталық лицензияланған болса, онда ұйымның тиісті жабдықтары мен дайындалған мамандары бар. Олар да барлық заңнамалық актіні, соның ішінде медицина хаттамаларын орындауға міндетті.

Шамалап есептегенде, Қазақстанда 36 мыңға жуық адам құмар ойынына тәуелді болуы мүмкін деген ақпарат бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: