Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатор: Қадағаланбай салына беретін құрылыс наразылық тудырады

Сенатор: Қадағаланбай салына беретін құрылыс наразылық тудырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2023 13:30 Сурет: Zakon.kz
Сенатор Андрей Лукин премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында қала құрылысын бақылау проблемасы туралы айтты. Оның айтуынша, құрылыстың еш бақылаусыз дамуы Қазақстан қалаларында наразылық сезімін тудырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенатордың айтуынша, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті тарапынан бұл салада тиісті бақылау жоқ. Соның салдарынан жер телімдері мен құрылысқа рұқсаттар азаматтардың пікірі мен инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері ескерілмей беріліп жатыр.

"Әкімдіктер мен құрылыс компанияларының айла-шарғылары қалалардың ретсіз дамуына, қала экологиясының, жасыл аймақтардың нашарлауына, халықтың өмір сүру сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Жергілікті атқарушы органдардың бұл әрекеті азаматтардың наразылық көңіл-күйін өршітеді. Жергілікті атқарушы органдардың негізгі бұзушылықтарының бірі - жер учаскелерін беру кезінде жер заңнамасын, сонымен бірге бас жоспарды сақтамау".Андрей Лукин

Андрей Лукин Астана, Алматы, Шымкент және басқа тоғыз облыстық маңызы бар қалалардағы бас жоспарларды бұзатын жер телімдерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына түзетулер енгізудің мыңдаған жағдайын көрсететін статистика мәліметтерін бөлісті. Бұл қалаларда әлеуметтік нысандар жоспардан негізсіз алынып тасталады да, студенттер орны мен аурухана төсектерінің тапшылығы мәселесі қоғамда үнемі талқыланып келеді.

"Бүгінде қаланың бас жоспарлары ескірген және қазіргі заман көрінісіне сай емес. Демографиялық көрсеткіштер, халықты жылумен қамтамасыз ету және басқа да аспектілер ескерілмейді. Бұл саладағы бұзушылықтың негізгі себептері - қала құрылысы секторын жоспарлау және жүзеге асыру негізінде болатын ұйымдық-құқықтық жүйедегі кемшіліктер.  Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жол картасын әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын".Андрей Лукин

Сонымен қатар Андрей Лукин бас жоспарлардың жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді және бар кемшіліктерді ескере отырып, оларды нақтылауды ұсынды; егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын заңсыз түзету, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, елді мекендердің бас жоспарына сай келмейін рұқсаттар беру тәжірибесін жойсын.

19 қыркүйекте үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанның тығыз салынған құрылыспен қалай күресетіні туралы айтты. Оның айтуынша, әзірлеушілер "демотивацияланады".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: